Алматыдағы Ұлттық орталық мұражайда «Қаңлы мемлекеті археологиялық деректер негізінде» атты монографияның тұсаукесері өтті.
Отандық тарихшылар Қазақстан аумағындағы ең көне мемлекеттік бірлестіктің саяси, экономикалық және рухани өмірін қайта зерделеп, ғылыми тұрғыда жаңғыртты. Еңбектің алғашқы томы археологиялық қазбалар мен табылған артефактілерге арналса, екінші кітапта ежелгі мемлекеттің тарихи және этномәдени қырлары кеңінен қамтылған. Ауқымды жұмыс тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкиннің жарты ғасырлық ғылыми ізденісінің нәтижесі. Таныстырылым аясында «Қаңлы жаңа археологиялық деректер аясында» атты көрме де көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияға 600 жылдық тарихи кезеңді қамтитын бірегей жәдігерлер қойылды. Олардың ең көнесі б.з.д. І мыңжылдықтан бүгінге дейін жеткен.
Александр Подушкин, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Бұл – менің бүкіл өмірімнің нәтижесі. Жүзден астам экспедицияға шығып, мыңдаған артефакт зерттеліп және соған сай ғылыми қорытындылар жасалды. Кітапта қамтылған дүниелер мемлекетіміздің тарихи-мәдени мұрасын жарқын түрде насихаттайды.
Тегтер #Қаңлы #кітап #мұражайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz