Биыл қазақтың ұлы ақыны, жыраулық пен айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл.
Осыған орай Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Ата толғауы» атты салтанатты кеш өтті. Мерейтойлық шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды. «Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қос ғасырдың куәсі болған жыр алыбының мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз» делінген құттықтау хатта. Салтанатты кеште Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фальклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі мен Алматы облысының өнерпаздары Жамбыл шығармалары мен жыр алыбына арналған вокалдық және аспаптық туындыларды орындады.
Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры:
- Бұл жерде Жамбыл бабамыз қалдырған мұраны сол кісінің өнерде қалдырған шәкірттері қалдырған мұрасын насихаттау. Қазіргі жас ұрпаққа бастысы осы руханиятымыздың үлкен орын алатын алып тұлғамызды осы мерейтойды атап өту арқылы қазақ елінің мәдениеті, өнеріне қалдырған мұрасын кеңінен насихаттау.
Тегтер #Жамбыл Жабаев #ақын #мерейтой
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz