RU
Толық нұсқаға өту

Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толды

11.03.2026, 15:41 157

Биыл Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл.

1801 жылдың 11 наурызында Ресей императоры І Павел Еділ мен Жайық арасындағы жазира даланы қазақ халқына қайтару туралы жарлыққа қол қояды. Нарын құмының етегінен Жәңгір хан қала салып, алғашқы қазақ мектебі, аурухана мен қыздар училищесі, баспахана, тіпті банк те ашылады. Мерейтойлық шаралар бүгін «Жәңгірдің жаңғыруы» атты деректі фильмнің тұсаукесерімен басталды.

Хан Ордасы тұңғыштар мекені саналады. Ғылым мен медицинаның қазақ топырағында алғаш тамыр тартқаны осы жер. Еділ-Жайық арасындағы ауқымды аумақ Бөкей сұлтанның арқасында 1801 жылы қазақ халқына қайтарылды. «Жәңгірдің жаңғыруы» атты бүгін таныстырылған деректі фильмде өңір өткені мен хандардың реформаторлығы жан-жақты баяндалған.   

Талғат Теменов, режиссер:

- Сол кездегі оның алғашқы қазақ еліне әкелген мәдениеті, руханияты, білімі бұл мың жылда бір қайталанатын ерлік. Сондықтан біз бүгін Жәңгірді қайта жаңғыртып жатырмыз. Өйткені уақыт өзгерер, ұрпақ ауысады. Бірақ Жәңгірдің жасаған жақсылығы қазақ тарихында қалады. 

Фильм тұсаукесері Бөкей хандығының мерейтойына арналған шаралардың бастамасы,  деді өңір басшысы бүгінгі шарада.  Ал Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев тарихты түгендеудің маңызын атап өтті. 

Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:

- Бұл басы ғана тек, әлі бұл тарих зерттеледі. Әлі ішкі Хан ордасының, жалпы аталарымыздың еңбегі әлі зерттеледі. Тарихшылар, ғалымдар оған жұмыстанатын болады. Біз оған кәміл сенеміз. Енді біз Бөкей хандығының осы 225 жылдығын республика көлемінде атап өтеміз.

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Бүгін тарихтан тағылым алып, расында да өткенімізді түгендеген саясатымыздың қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Тәуелсіздіктің арқасында Мемлекет басшысының да бүгін мән беріп отырып, осындай тарихи құндылықтарды қайта жаңғырту ісі жүйелі түрде өз жалғасын тауып келе жатыр. 

Ал ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар Бөкей Ордасының қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызын талқылады.

Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz