Қазақ киноиндустриясы тағы бір тың туындымен толықты.
Елде 19 наурыздан бастап "Ерекше" атты жаңа көркем фильмі көрерменге жол тартады. Бүгін Астанада туындының жабық көрсетілімі өтті. Шараға парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы қатысты. Шығармашылық ұжымға жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы жобаларға сәттілік тіледі. Кинокартина Қазақстан бочча федерациясының және "Kinopark Group"компаниясының қолдауымен түсірілген. Туынды тағдырдың сынағына тап болған жанның арман мен мақсат жолындағы ерік-жігері туралы оқиғалармен өріледі. Паралимпиадалық спорт тақырыбымен қатар мейірімділік, төзімділік, қамқорлық, шынайы махаббат сияқты құндылықтарды дәріптейді. Фильмдегі басты рөлдерді Жасұлан Көпберген, Ақерке Назарбекова және Расул Бауыржан сомдады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
Тегтер #ерекше #фильм #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz