«Шынайы ертегі». Қостанай облыстық қазақ драма театрында дәл осындай атаумен жаңа қойылымның жабық көрсетілімі өтті.
Театр сахнасында поляк жазушысы Януш Гловацкийдің «Замарашка» шығармасының желісі бойынша қойылған драма журналистерге арнайы таныстырылды. Бұл спектакль – көпшілікке таныс ертегінің бүгінгі өмір шындығымен астасқан жаңа нұсқасы. Қойылымда ғажайып сарайдың орнына әйелдер колониясы бейнеленеді. Ал ертегі кейіпкерлерінің орнын тағдыр тәлкегіне түскен жандар басқан. Сахнадағы оқиға желісі үміт пен үкімнің, сенім мен сынақтың тартысын көрсетеді. Кейіпкерлердің тағдыры арқылы адам өміріндегі таңдау, әділет және сенім мәселелері қозғалады. Қойылым идеясы бүгінгі қоғамдағы «құқық пен әділет», «заң мен тәртіп» қағидаттарымен үндеседі. Жаңа драмалық туынды көрерменді терең ойға жетелейтін әлеуметтік маңызы бар қойылымдардың бірі.
Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек, қоюшы-режиссер:
- Заң мен тәртіп дейміз. Ал заң мен тәртіп қалай болады? Қалай қолданылады? Оны қалай қабылдайды жастар? Менің де осындай қызым бар ғой, менің де осындай әлі буыны қатпаған ұлым бар ғой. Мен қандай тәрибе беріп жатырмын? Біздің қоятын сұрағымыз осы. Оның барлығын тек қана әрине, көрермен өзі келіп, өзі сараптап, өзі пайымдау керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #поляк #театрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz