Мәдениет пен цифрлық технологиялар біріктірілген форматтағы Наурыз мейрамы бас қаланың мектептерінде де өтіп жатыр.
Атап айтсақ, 115-мектептің ұжымы ұлттық мейрамды жасанды интеллект көмегімен тойлауды жөн көріпті. Яғни білім ордасына келсеңіз жасанды желіге негізделген «Қыдыр ата сіздерді күтіп алады. Оқушылар әзірлеген виртуалды кейіпкер қазақ тілінде еркін тілдесіп, сұрақтарға жауап береді. Тіпті бата беріп, ұлттық дәстүрлер жайлы тың деректер ұсынады. Одан бөлек ұлттық ойындар да заманауи технология мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра ұйымдастырылған. Мектеп аумағында киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленуде. Бастама білім ордасында жұмаға дейін жалғасады.
Ұлпан Қайратқызы, мектеп оқушысы
Ақжібек Қожахметова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тегтер #Наурызнама онкүндігі #мектеп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz