RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда дәстүрлі киімдер көрмесі ашылды

18.03.2026, 18:08 52

Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Алматыдағы Ұлттық орталық мұражайда дәстүрлі киімдер көрмесі ашылды. 

Көрмеге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырда тігілген 100-ге тарта киім үлгілері қойылған. «Киім тек тұрмыстық қажеттілік қана емес, сонымен бірге танымдық қызмет атқарған», - дейді мамандар. Яғни қазақ қоғамында жас ерекшелігін, әлеуметтік мәртебесін киім үлгілеріне қарай айыратын болған. Бір қызығы, көрмеге қойылған дәстүрлі киімдерде менмұндалап тұрған ою-өрнек жоқ. «Қазір ұлттық киім деп қалыптасып кеткен үлгілер кеңес заманында фольклорға арнап, сахналық көріністер үшін айшықталып жасалған», - дейді зерттеушілер. Кейінгі жылдары ұлттық киімге деген көзқарас жаңаша сипат алып, этнодизайнерлер түпнұсқа үлгілерді жаңғырып жатыр. Көрмедегі жәдігерлер қатарында көнеден жеткен сәукелелер де бар. 

Үміт Әшімова, ҚР Ұлттық орталық мұражайының бас қор сақтаушысы:

- Сәукеле – жалпы бұл қалыңдықтың бас киімі болғанымен қатар өте сакралды мәнге ие бас киім. Символға тұнып тұр деп айтуға болады. Әрқайсысының өзіндік мәні бар. Сәукеле қыз күйеуге шығардан бір жыл бұрын арнайы зергерлерге тапсырыс беріп жасалынады. Әдебиеттерде және ғылыми деректерде сәукеленің құны 100 атпен немеcе 200-ден 400-ге дейінгі күміс рубльмен бағаланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz