RU
Толық нұсқаға өту

Оралда батагөй ақсақалдар байқауы өтті

19.03.2026, 22:09 47

«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер».

 Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Оралда батагөй ақсақалдар байқауы өтті. Оған өңірдің өркендеуіне еселі еңбегімен, қажырлы қызметімен сүбелі үлес қосқан 48 қария қатысты. Зейнетке шықса да қоғамның тыныс-тірлігінен тыс қалмайтын аға буын өкілдерінің өскелең ұрпаққа тілегі аз емес. Ақсақалдар байқауға қатысу үшін баталарын алдын ала телеграм ботқа жолдады. Байқау қорытындысында Бөрлі ауданынан келген Қайырбай Мұқанов бірінші орынды жеңіп алды.

Қайырбай Мұқанов, Бөрлі ауданының тұрғыны:

- Өзімнің өлең шығаратыным бар. Жаңағы кітабым бар шыққан. Соның ішіне енген жаңағы бата менің өзім жаңағы өзімнің шығарған батам. Ол бата дейтін атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан аталы сөз ғой бата деген. Сондықтан кейінгі ұрпақ осыны ұғынып, бойларына сіңіріп, енді осы бата деген қасиетті ұғымы бар деп түсінем.

Қуаныш Сейітжанов, байқауды ұйымдастырушы:

- Бата беру дәстүрі елдік мұратқа да қызмет еткен кезінде. Өйткені біздің белгілі батырларымыздың, билеріміздің тарихында сапарға шығарда, жорыққа шығарда, басқа да бір үлкен мемлекеттік шешімдер қабылдарда батамен басталған бата беру дәстүрінің болғанын жақсы білеміз. Баталарға қойылатын негізгі тақырыптық шарттардың бірі «Әділетті Қазақстан, «Адал азамат», «Заң және тәртіп» мәселесі. Осы тақырыптарды да негізінен қамтуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz