RU
Толық нұсқаға өту

Наурызнама: Ынтымақ күні. LIVE

21.03.2026, 12:15 35

Жезқазғанда Наурызнама онкүндігі аясында Ынтымақ күніне арналған концерт өтіп жатыр.

Мерекелік шара әуелі бірлік пен ынтымақты ту еткен тұрғындардың шеруімен басталды. Кимешек киген 500-ге жуық әже мен келіншек қаланың басты көшесімен жүріп өтті. Қалың көпшілік Ғарышкерлер бақжолындағы этноауылға аялдап арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалауда.

Жезқазғандағы ынтамақ күні қалай өтуде? Мерекелік шеруге қатысқан халықтың қарасы қалың ба?

Елдос Кәкенов, тілші:

- Мерекелік шеруге қатысқан жұрттың қарасы қалың. Еңбек ардагерлері мен кимешек киген аналар бастаған шеруді қаланың құрметті азаматтары, мәдениет пен өнер майталмандары жалғады.  Елдің бірлігін паш еткен шараның ерекше өтуіне осындағы түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің де қосқан үлесін атап өткен жөн. Көпшілік қаланың орталығында арнайы жасақталған этноауылға тоқтады. Негізгі мерекелік шара осында өтіп жатыр. Бір-бірін құшаққа қысып, «құтты болсын» айтқан көпшіліктің қуанышын бөлісу ниетімен тұрғындарды сөзге тартқан едік. Қазір менің жанымда қаланың Құрметті азаматы Ізтөлеу Түсіпов  тұр. Ізтөлеу аға, бүгінгі шара, жалпы Наурызнама онкүндігі Жезқазғанда қалай өтуде?

Ізтөлеу Түсіпов, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

Этноауылдағы наурыз тойы түс ауғанша жалғасады. Мұнда концерттік бағдарламадан бөлек қала тұрғындары үшін бірқатар көпшілік мәдени шаралар ұйымдастырылған. Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың көрмесі қойылған. Ол жерде жергілікті шеберлерден бөлек Астана, Түркістан қалаларынан келген қолөнершілердің бұйымдарын тамашалауға болады. Арнайы тігілген киіз үйлерде қонақтарға мерекенің басты тағамы наурызкөже ұсынылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz