Ақтауда Каспий жағалауында ауқымды шаралар өтіп жатыр.
Амфитеатр алаңына отыздан астам киіз үй тігілген. Маңғыстауда 5 мың адамның ұлттық киіммен Гиннестің рекодттар кітабына енгеніне бір жыл толуына орай ұлттық киім киген қала тұрғындары таңсәріде мерекелік шеруге шықты. Жағажайдағы думанды той ұлттық спорт сайыстарына ұласты. Көпшілік этноауылда қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесін тамашалады. Жергілікті шеберлер түйе-қой жүнінен әзірлеген киім-кешек, кәдесый, ағаштан және бағалы металлдан жасалған әшекей бұйымдар көрмеге қойылды.
Елнұр Жолдасбаев, қолөнерші:
- Көненің техникасымен жасалған, бұрын біздің ата-бабаларымыз пайдаланаған қыш құмыраларды алып келген болатынбыз және оларды өңдеп, өзінің табиғи қалпын сақтайды. Құйылған сусындарды өте ұзақ мерзімде ұстап тұрады. Барша қазақ еліне Наурыз мейрамы құтты болсын.
Аққу Айтжанова, қала тұрғыны:
- Әз-Наурыз бізде 13 наурыздан бастап тойлануда. Бұл сайын қазақ елінің асыға күтетін мерекесі. Әсіресе Маңғыстау өңірінде асыға күтеді. Жылдың басы өте жақсы басталды. Киіз үй тігіп, барлық елмен бірге тойлаудамыз.
Жаныңды шыңдап,
Жігерлі етер сені күн
Өшпесін енді, Өзіңе деген сенімің
Жеңіліп қалсаң, жинал да, талпын алдыға
Ақылмен бірге сабырың болсын серігің
Жақсылыққа үміттенген бір жанбыз,
Берекесін әкелсін-ау бұл Наурыз
Бар бақытты үйіп төксін басыңа
Еркелесін, екеу болсын кім жалғыз?
Көктем келіп көркейтсін де даланы
Бала берсін аңсағанға баланы
Бұл жалғанда бағы жанып бәрінің
Қуантсын-ау әке менен ананы
Жылы болсын жылы дағы арайлы
Сақтасын да саған жақын маңайды
Қабақ түйіп өтті күндер кешегі
Сәл күлімдеп жүрейікші жарай ма?
Тегтер #Ақтау #қолөнер #көрме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz