Наурыз мейрамына орай Румыния астанасында Қазақ ұлттық хореография академиясының гала-концерті өтті.
Мәдени шара «Йон Дачиан» атындағы ұлттық оперетта және мюзикл театрының сахнасында ұйымдастырылды. Қазақстандық өнерпаздар румын көрермендеріне классикалық балеттен бастап, ұлттық және заманауи билерге дейін ауқымды бағдарлама ұсынды. Сахнада Петр Чайковскийдің «Щелкунчик», Герман Левенсхольдтың «Сильфида» сияқты әйгілі классикалық балеттерден үзінділермен бірге қазақтың ұлттық билері орындалды. Әсіресе Анвара Садыкова мен Алмат Шамшиевтің орындауындағы «Ақбаян» мен «Жолбарыс жүрек» билері көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Кеште сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты, сопрано Лаура Али классикалық және ұлттық шығармаларды орындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.
Тегтер #Наурыз мейрамы #өнерпаздар #РумынияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz