Астана Опера ұжымы Павлодарға гастрольдік сапармен барды. Тұрғындар итальяндық композитор Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» комедиясын тамашалады.
Жеңіл сюжет, өткір әзіл және виртуозды орындау көрерменге нағыз опера мерекесінің атмосферасын сыйлады. Қойылым классикалық әуен мен актерлердің шебер ойынын үйлестірген. Бұл патша көңіл көрерменді бейжай қалдырмады. Спектакльдің ерекше әсерлі болуына жарқын сахналық бейнелер, сюжеттің қарқынды дамуы және кейіпкерлердің мінезін нәзік жеткізе білген солистердің шеберлігі ықпал етті. Бұл гастрольдер Павлодар өңірі үшін маңызды мәдени оқиғаға айналып, қала тұрғындарына әлемдік опера классикасының жауһарларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Шыңғыс Расылхан, «Астана Опера» театрының әртісі:
- Бұл осыдан 250 жыл бұрын жазылған опера болғанымен де қазіргі таңда да өте өзекті. Өзекті опералардың бірі болып есептеледі. Музыкасы өте жеңіл. Ойын жағынан өте әсерлі. Одан кейін комедиялы жанры болғандықтан комедиялы қимылдары көп.
Руслан Баймұрзин, «Астана Опера» театрының дирижеры:
- Бұл сапардың бір ерекшелігі біздің камералық залдың репертуарынан алынған опералардың бірі ол - Донитецидің Дон Паскуале деген операсы. Сонымен қатар біз кішкентай бүлдіршіндерге, көрермендерге өзіміздің дайындаған концертіміз бар. Енді осы қалаға келген кезде бәрімізде білеміз, Павлодардың көрермендері өте мәдениетті, музыканы тыңдайтын, музыканы бағалайтын халық.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #астана опера #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz