Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» атты республикалық көрме-биеннале ашылды.
Мәдени іс-шара елдің әр түкпірінен келген 60-тан аса суретшіні біріктірді. Көрмеге 120 туынды қойылды. Қылқалам шеберлері шығармаларында классикалық офорт, литография, заманауи графикалық бағыт сияқты техниканы қолданған. Экспозицияда портрет, пейзаж және еркін тақырыптағы сюжеттік композициялар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қазақстандық графиканың жан-жақтылығын көрсетеді. Картиналардың көркемдік техникасы алуан түрлі. Авторлық көзқарасы сан қырлы. Тақырып аясы кең. Графикада сызық пен штрих айқын көрінеді. Оны салу үшін жоғары дәлдік пен ерекше зейін керек.
Шоқан Төлеш, суретші:
- Қарандашпен салып, ойыңызды эскиз жасап алғаннан кейін қағазға түсіресіз. Тушь, кисть дейді. Бірақ ол әртүрлі техникамен болуы мүмкін. Біреуі сызып жасайды. Біреу ойып жасайды. Ояды да үстіне қағазды қойып бояуын үстіне жағып алып, бір-біріне бастырады. Содан ол штамп болып шығады. Оның ерекшелігі оның жақсы жері бірнеше экземпляр, ал алдыңығысы белігілеп қоясыз ғой.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #музей #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz