RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда аламан айтыс өтті

04.04.2026, 15:40 26

Петропавлда «Қызыр қонған Қызылжар» атты республикалық командалық айтыс өтті.

Дүбірлі додада Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының командалары кездесті. Жыр аламанына жиналған қауым сүре, түре, қайым, қыз бен жігіт айтыстарын тамашалап, терме тыңдап, ән мен жырға сусындады. Айта кетейік, бір жарым жылға созылатын мегажоба төрт айналымнан тұрады. Мұнда 20 команда әр кезеңде олимпиадалық жүйе арқылы сынға түсіп, тек жеңімпаз команда келесі айналымға жолдама алады. Жоба авторы Аманжол Әлтайдың айтуынша, сайысты өткізу тәртібініе өзгеріс енгізілді. 

Аманжол Әлтай, жоба авторы:

- Бірнеше түзету енгіздік. Біз қазылар алқасында әрбір жанр бойынша өзінің майталман маманы баға береді. Мысалы ретінде әншіге әнші баға береді, күйшіге күйші баға береді. Басқа саланың маманы баға бере алмайды. Сондықтан да оның мойнында жауапкершілігі үлкен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz