Дания Корольдік театрының балет бишілері Астанада өнер көрсетті.
Іргетасы 1748 жылы қаланып, корольдік сахна ретінде құрылған өнер ордасының Royal Danish Ballet труппасы - әлемдегі ең көне классикалық балет ұжымдарының бірі. XVIII ғасырдың ортасынан бастап ол көрнекті хореографтар мен озық педагогтардың алаңына айналды. Бүгінгі салтанатты кеште олар Бурнонвиль стиліндегі таңдамалы туындыларды көрермен назарына ұсынды. Жалпы шетелдік 10 биші өнер көрсетті. Солардың сапында белгілі биші Селена Муньос те бар.
Олжас Атишев, ұйымдастырушы:
- Дания Корольдік театрының Астанаға тұңғыш рет келуі. Алдында біз Алматы қаласында бергенбіз жәнеде бұл жердегі біздің мақсат Қазақстан мен Дания арасындағы мәдени көпір құру. Бурнонвиль стиліндегі билер болады және біз арнайы Селена Муньості шақырдық. Ол фламенко биімен көрермендерді таңқалдырады деген ойдамын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Дания #балетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz