RU
Толық нұсқаға өту

Доссор кентінде мұражай-кітапхана ашылды 

13.04.2026, 23:27 20

Биыл Доссор кен алаңынан алғаш мұнай алынғанына 115 жыл толды. Ембі мұнайшылары қара шаңғырақ саналатын Доссор кентінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үнемі үлес қосып келеді. 

Былтыр тозығы жеткен үйлерді жаңартуға ат салысты. Биыл міне, әмбебап мұражай-кітапхананы тарту етті.

Ринат Ізмұханбет, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры:

- Мінберден жазылған! «Ембімұнайгаз» үшін бұл жоба тарихи-мәдени мұраны сақтауға және мақат ауданы тұрғындарының мәдени демалысына қолайлы жағдай жасауға қосқан үлесі. Әлеуметтік жауапты компания ретінде бізі өндірістік құырылымдық бөлімшееріміз орналасқан барлық аудандарды жаңа нысандар салуға ерекше көңіл бөлеміз.

Доссордағы мәдени кешенге елімізде алғаш мұнай өндірісі бастау алуған аймақ болғандықтан «Қара алтын» атауы берілді.

Серік Исақов, «Доссор мұнайшылары» ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Үлкен сарай салып берген КМГ ұжымына, ЕМГ, «Доссормұнайгазға» үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Елімізде тек тыныштық болып, аспанымыз ашық болғай! Мұнайымыз сарқылмасын.

Бұған дейін Доссор кентінде кітапхана ғимараты болмаған еді. 47 мыңнан астам кітап қоры бар кешенге енді 4 мыңнан астам оқырман келеді. 

Марал Қалиқызы, Аудандық орталық кітапхана басшысы:

- Енді мына жаңа орынға келгеннен кейін оқырмандарымыз одан да көбейеді деп есептеп отырмыз. Кітапхананың ішінде абономент бөлімі, оқырмандар залы, балаларға арналған коворкинг орталығы және брайль кабинеті орналасқан. Мұнда көзі нашар көретін, көрмейтін жандар үшін керемет мүмкіндік бар.

Өткен 10 жылда мұнайшылар өңірге «Қор компаниялары» тобының қолдауымен 10 млрд теңгелік 33 ірі жобаны тарту етті.    

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz