RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі өтіп жатыр

13.04.2026, 23:31 26

Онда қазақ пен қырғыз қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. 

«Аталған іс-шара бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланысты одан ары нығайтып, жандандыра түседі», - дейді ұйымдастырушылар. 

Бүгін «HAS SANAT»  галереясында өнер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Халықаралық көрмеге 60-тан астам кескіндеме қойылған. Олар жас тәрі талантты 4 суретшінің қылқаламынан шыққан туындылар. 

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Бүгінгі көрменің мәні әрі маңыздылығы әрине, осы тәуелсіздік жылдарында түлеп шыққан жас суретшілердің туындыларымен танысып отырмыз. Әсел Тлеулен деген атақты суретшіміз өзінің ерекше қолтаңбасымен ерекшеленеді. Әсіресе адамның түр-келбетін, жан дүниесін ашатын, философиялық мәні терең туындыларын көрсетіп отыр. 

Сондай-ақ көрмеге қырғыз елінің үш суретшісі де қатысып жатыр. Олардың ішінде қазақ өнерімен етене араласып кеткен Сансызбек Мирзираимов та бар. Сондай-ақ көркемөнерге ерекше көзқарасымен көзге түскен Абай Насиридин, Ислам Дооров сынды қылқалам шеберлерінің туындылары да көрмеден орын тапты.

Сансызбек Мирзираимов, суретші:

- Біз қазақ суретшілермен тығыз мәміледеміз. Жақсы. Олардың жұмыстары бізде бар. Тәжірибе алмасып тұрамыз кейде келіп. Олар бізге келеді. Екі мемлекеттің достық ынтымағын суретшілер жақсы деңгейде көрсетіп келеді. 

Көрме қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Онда Үкімет басшысының орынбасары мұндай жобалардың мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы рухани жақындықты тереңдете түсудегі ерекше маңызын атап өтті. Елорда тұрғындары көрмені 11 мамырға дейін тамашалай алады. 

Авторлары: Серік Селеубайұлы, Бағдат Қайыркен

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz