RU
Толық нұсқаға өту

Парижде қазақтың ұлттық киімдері көрсетілді 

15.04.2026, 22:21 34

Парижде қазақтың дәстүрлі киім мәдениеті таныстырылды. 

Франциядағы Қазақстан елшілігі жанындағы «Абай» мәдени орталығында этнодизайнер Тілек Сұлтанның ұлттық киімдер көрсетілімі өтті. ЮНЕСКО халықаралық сапа белгісіне ие шебер қазақтың байырғы киім үлгілерін тарихи деректерге сүйене отырып, қайта жаңғыртып келеді. Оның жұмысы музей қорларындағы түпнұсқаларға, көне кітаптар мен сирек фотосуреттерге негізделген. Іс-шара барысында қонақтарға кесте тігу өнері таныстырып, баяғы замандағы ер мен әйелдің және бала киімдерінің ерекшеліктері түсіндірілді. Олардың белгілі бір мағына мен символикаға ие мәдени код екеніне назар аударылды. 

Тілек Сұлтан, қолөнерші, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері:

- Осы ғасырда қазақ киімінің, қазақ өнерінің қандай деңгейде шарықтауы, дамуы – бүгінгі ұрпаққа, бізге аманат. Сол үшін біз қазір сол бағытта жұмыс жасап жүрміз, дәріптеп жүрміз. Қазақстанның әрбір аймағында, содан кейін мүмкіндік болса шетелге, біздің елшіліктеріміз арқылы басқа халықтарға, шетелде тұратын қазақ диаспорасына бұны насихаттау біздің міндеттеріміздің бірі.

Марина Аржант, студент:

- Бүгін қазақ халқының ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары таныстырылды. Мұндай құндылықтарды өзге ұлт өкілдеріне көрсету өте маңызды. Бұл халықтың тарихы мен дәстүрін насихаттап, оның сұлулығы мен мәдени байлығын паш етуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz