RU
Толық нұсқаға өту

Әбіш Кекілбаев туралы кітап жарық көрді 

16.04.2026, 00:01 31

Астанада Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы кітаптың тұсауы кесілді. 

Басылым Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бастамасымен жарық көрді. Жиналған қауым жазушының мол шығармашылық мұрасымен қатар, мемлекеттік ұстанымын тілге тиек етті. Әбіш Кекілбайұлының елдің рухани дамуына қосқан баға жетпес үлесін айтты. Кітап авторлары – Ұлан Айхожа мен Абай Сейфолла. Жинаққа замандастарының естеліктері, талдамалық материалдар мен жазушының жеке шығармалары енген. Бұл агенттіктің «Тұлғатану» бастамасымен жарық көрген екінші жоба. Бұған дейін саяси қайраткер Бердібек Сапарбаев туралы кітап шыққан еді. 

Ұлан Айхожа, автор:

- Әбіш Кекілбайұлы жазушы ғана емес мемлекет және қоғам қайраткері. Бұл кісінің кітаптарының көбі қаламгерлік, жазушылық жағынан көреміз. Бұл кітаптың ерекшелігі ол кісінің мемлекеттік қызметте жасағаны жайлы кеңінен баяндалады. Алғашқы Мемлекеттік кеңесші болғаны, Парламент сенатында  депутат болғандығы оның алдында Кеңес одағы кезде мемлекеттік жауапты қызметтер атқарған. Сол барлығын осыған топтастырып жаздық Ешкім біле бермейтін қызықты оқиғаларын топтастыруға тырыстық. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz