RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте «Әуезов оқулары» конференциясы өтіп жатыр

16.04.2026, 22:50 41

Шымкентте «Әуезов оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр. Дәстүрлі жиын «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбына арналды.

Зерттеуші ғалымдар өзекті мәселелерді талдап, оларды цифрлық өзгерістер арқылы түбегейлі шешу жолдарын талқылады. Конференция барысында түрлі тақырыпта баяндамалар оқылды. Әсіресе «Цифрлық технологиялардың тың мәліметтер базасы», «Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды даярлау», «Жоғары оқу орындарына арналған жаңа бағдарламалар» және «Цифрландыру дәуіріндегі рухани құндылықтар» бағыттарына басымдық берілді. Жиынға АҚШ, Малайзия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Еуропа елдерінің ғалымдары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Әзімхан Исабек, ғалым: 

- Бұл конференцияға арнайы Абайды цифрлық байланыстар, цифрландырумен  байланыстырып арнайы баяндама жасағалы отырмын. Біздің зерттеулеріміз Абай атамыздың қалдырып кеткен аманатына, сонымен қатар Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауы мен үлкен бағдарлы бетбұрыстарын әрі қарай жалғастыру болып табылады.

Жамбыл Айменов, Техника ғылымдарының докторы, профессор:

- Оңтүстік өңірінің халық шаруашылығына, өнеркәсібіне қатысты және қажетті көптеген технологияларды жасанды интеллектіні пайдаланып, робототехниканы пайдаланып енгізу үшін жол картасы жасалып қойған. Болашақта осы бағытта жұмыс істейтін мамандарды біз өзіміздің университетімізде дайындап жатырмыз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz