Алматыдағы Ұлттық орталық мұражайда «Бір аспан астында» атты халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды.
Көрмеге Еуропа, Азия, араб әлемі, АҚШ, Ресей, Молдова, Армения және Өзбекстан суретшілерінің еңбектері қойылған. Арнайы бөлім заманауи араб өнеріне арналды. «Бұл туындылар дәстүр мен заманауи үрдістер арасындағы терең диалогты көрсетеді», - дейді өнер зерттеушілері. Көрмедегі картиналардың техникасы, жанры әртүрлі. Бірі өз елінің мәдени мұрасын портрет арқылы берсе, екіншісі абстракциямен, енді бірі символдық бейнемен жеткізген. Ең басты ортақ мүдде – бейбіт аспанымызды сақтауға үндеу. «Халықаралық деңгейде өнер арқылы байланыс орнату, мәдени алмасу – ұлттық бірегейлікті танытуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.
Қабыл Халықов, суретші:
- Ең біріншіден, бояу – бұл музыка сияқты біздің генетикалық ар жақтан қозғайтын ұлттық этникалық қорларды қозғайтын, қойнауынан ақпарат беретін мысал деп ойлаймын. Мәдени мәтін ғой енді. Осы бояу арқылы, бояудың пластикасы, бейнелер арқылы әлемге қатынасымыз көрінеді.
Тегтер #Алматы #Ұлттық орталық мұражай #көрмеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz