RU
Толық нұсқаға өту

Драма театр ғимаратының құрылысы басталды

21.04.2026, 19:29 30

Қызылордада академиялық музыкалық-драма театрының жаңа ғимараты салынады. Аумағы 11 мың шаршы метр болатын нысанның құрылысы басталды.

Құрылыс алаңында капсула салу рәсімі өтті. Жоба Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. 510 орынға арналған театр ғимараты заманауи дыбыс жүйесімен және соңғы үлгідегі сахналық жабдықтармен қамтылады. Яғни актерлер қойылым кезінде ауқымды декорациялар пайдалана алады.  

Хұсейін Әмір-Темір, театрдың аға режиссері:

- Міне, жаңа заманауи саябағымыз жаңарып жатыр. Мына жерде үлкен құрылыстар, үйлер салынып, үлкен бір керемет орталыққа айналдырып жатыр. Соның арасында соның ортасында біздің театрымыздың ғимараты тұрса, әрине, ол бір көрікті дүние болып шығады деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz