Ертең Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері басталады.
Ресми ашылу салтанаты «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бекітілген бағдарламаның аясы кең. Елордада Қазақстандағы Ресей кинофестивалі басталып, фильмдердің көрсетілімі 26 сәуірге дейін жалғасады. Сондай-ақ Ұлттық музейде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Мұндай шығармашылық және іскерлік шаралар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған. Айта кету керек, былтыр 10-ы мен 13 қазан аралығында Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері өткен.
Тегтер #Қазақстан #Ресей #мәдениет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz