RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ этнографиясы құнды жинақпен толықты

22.04.2026, 17:29 27

Қазақ этнографиясы тағы бір құнды жинақпен толықты.

Бүгін бас қаладағы Ұлттық кітапханада белгілі қаламгер Төрехан Майбастың "Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы" атты кітабының тұсауы кесілді. 7 бөлімнен тұратын туындыда ел арасында ұмыт болған тақырыптар қаузалады. Мәселен, бір топ қасқырды үйір емес, әуек дейді. Ал иттің еркегі бақай, ұрғашысы ақай деп аталады. Дұрыс толғақпен келген ер баланы қазақ - ат ұстар, қыз баланы - қырық жеті дейді. Ал аса толғақпен келген ер - тұрар, қыз бала - отыз жеті деген сөз бар. Мұның бәрі Төрехан Майбастың тың туындысында жазылған. Жазушы қазақтың этнографиясын түгендейтін жинақты жазуға 11 жасынан бастап ақпарат жинаған.

Төрехан Майбас, жазушы, этнограф

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz