Өзбекстанмен Қазақстанның халық артисі, атақты «Ялла» тобының жетекшісі Фаррух Закировке екінші дәрежелі «Достық» ордені табысталды.
Еске салайық, әншінің 80 жылдығына орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің мәдени саласына қосқан елеулі үлесі үшін Фаррух Закировті мемлекеттік орденмен нагардтаған болатын.
Фаррух Закиров өнерлі отбасынан шыққан. Ата-анасы мен ағалары Өзбекстанның халық әртістері. Ал күміс көмей әншінің ағайын туыстарынан бір ерекшелігі, оған 5 мемлекеттің осындай атақ беруінде жатыр. Кеңестер тұсында жасындай жарқырап шыққан талантты өнерпаз 1970 жылы «Ялла» тобын құрады. Әндері жер-жаһанға тарап, халық ауызында әлі күнге дейін айтылып жүр.
Фаррух Закиров жуырда 80-ге толды. Әншіге әлемнің түпкір-түпкірінен құттықтаулармен марапаттар әлі де келіп жатыр. Ал бауырлас қазақ президенті құрметтеген мемлекеттік награданың орыны бөлек - дейді ол. Себебі халық артисі атағын 1995 жылы алғашқылардың бірі болып Қазақстан берген.
Фаррух Закиров Өзбекстан мен Қазақстанның халық артисі:
- Мен Өзбекстанмен қатар Қазақстанның халық артисі атағын қоса алып жүремін. Бүгінгі мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының құрметті президенті мерейтойыма орай марапаттап жатыр. Бұдан асқан бақыт бар ма дерсің.Бұл жауапкершілігі үлкен награда. Екі елдің достығына қосқан үлесімізді бұдан да үлкен ынтамен жалғасытра беремін.
Биыл «Ялла» тобының құрылғанына 55 жыл толады. Атақты топ әлемдік турнеге шығуды жоспарлап отыр. Бір айта кетерлігі өнерпаздар алғашқы сапарды Қазақстаннан бастамақ. Себебі осыдан тура 55 жыл бұрын «Ялла» тобының тұңғыш гастролі Алматыда өткен.
Дулат Нуркин
Тегтер #Фаррух Закиров #Достық ордені #Өзбекстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz