Қызылорда қаласында Президенттік кітапхана салынатын аумақта капсула салу рәсімі өтті. Заманауи әрі көпфункционалды нысан инвестициялық қаржы есебінен бой көтермек.
Жоба Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метр болатын ғимаратта 1 млн-ға жуық кітап қоры сақталады деп жоспарланып отыр. Жыл сайын кітапхана 300 мыңға дейін оқырманға қызмет көрсетеді. Нысан ішінде оқу залдары, конференц-зал, архив, сирек кітаптар қоры орналастырылады. Сонымен қатар электронды кітапхана мен әлем әдебиеті бөлімі іске қосылады, галерея, көрме және коворкинг орталықтары да жұмыс істейді. Бұдан бөлек, көне кітаптарды қалпына келтіруге арналған арнайы шеберхана қарастырылған.
Шаһизада Әбдікәрімов, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
- Ұлы Дешті Қыпшақ даласының орталығы болған Сыр өңірінде тағы бір құндылық бой көтерді. Ол - академиялық кітапхана. Қазақстанда бұл ең керемет бүгінгі заманауи талапқа сай үшінші кітапхана болатынына сенеміз. Адамзат қай уақытта да кітаппен көгеріп, кітаппен өсіп, кітаппен жетілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда #кітапханаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz