RU
Толық нұсқаға өту

Димаш Қытайдағы тыңдармандарымен кездесті

25.04.2026, 19:39 34

Қытайда Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақша ән шырқап қарсы алды.

Көрші елге сапарлап барған әншіні кейбір тыңдармандары түні бойы кірпік ілмей Қазақстанның мәдениет орталығының алдында күткен. Бейжің қаласының тұрғыны Ми Мин Димаш десе ішкен асын жерге қояды. Ол әншінің кейінгі 9 жылда алыс-жақын шетелдерде өткізген концерттерінің бір де біреуін жібермей қатысқан. Қазақтың салт-дәстүрі мен тарихын оқып білген. Қазір қазақ тілін үйреніп, домбыра шертуге қызығып жүр.

Ми Мин, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Телефонымдағы видео, фотосуреттердің 95 пайызы Димашпен байланысты. Бәрін көрсету үшін көп уақыт керек. Мен оның арқасында бүкіл әлемді шарладым. Әсіресе қазақ елі туралы көп білдім. Мәдениетімен терең таныстым. Ендігі арманым домбыра үйреніп, оның туып өскен қаласы Ақтөбеге барып көру. 

Юй Ие, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Димаш таңғажайып әнші. Ол ән айтқанда денем түршігіп, ерекше күйге түсем. Мен оның өнерін көріп, естіген сәттен бастап жанкүйеріне айналдым. Бұрын Астана туралы білмеуші едім. Қазақстан мен үшін жұмбақ ел болатын. Димаш үшін зерттеп, бәрін біліп алдым.

Сапар барысында Димаш Қазақстанның Қытайдағы мәдениет орталығында болып жұмысымен танысты. Халықаралық деңгейдегі сарапшыларымен кездесіп, екі елдің өнер, мәдениет саласындағы ынтымақтастығы жайында пікір алмасты. Тыңдармандарымен жүздесіп қолтаңба таратты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz