RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Алып Абай. Конгениальность» кітабы таныстырылды

26.04.2026, 14:00 56

 «Алып Абай. Конгениальность». Астанада осындай атаумен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың жаңа кітабы таныстырылды.

Әлем енді ұлы Абайды шебер аудармашы ретінде де тани түсетін болды. Өйткені автор ақынның аудармашылық қырын осы кітабында егжей-тегжейлі зерттеп ашып көрсеткен. Онда Абайдың әлемдік алыптардан жасаған аудармалары түгел қарастырылды. Яғни бірде-бір өлең назардан тыс қалмаған. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жол тартты. Автордың айтуынша, туынды – тұтастай Абай аудармашылығына арналған тұңғыш кітап. Әрі онда қомақты еңбек жатыр. Себебі осы уақытқа дейін Абайдың аудармашылығы туралы 1954 жылы Зәки Ахметовтің «Лермонтов және Абай» атты зерттеуі ғана шыққан. Онда Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармалары ғана талданған. Ал бүгінгі әдеби шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Сенат және Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, танымал қаламгерлер, абайтанушылар қатысты. Айта кетейік, аталған кітаптың таныстырылымы «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өтті.

Сауытбек Абдрахманов, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиеттанушы:

- Алмастың алуан қыры болады. Талантты дарындар сол көпқырлы алмас сияқты болады. Біздің Ұлы ақын, философымыз Абай алмас сияқты алуанқырлы. Көп зерттелмеген қыры – оның аудармашылығы. Нақты мысал айтатын болсам, Зәки Ахметовтің «Лермонтов и Абай» атты кітабынан кейін 72 жыл ішінде Абайдың аудармашылығы туралы бірде-бір кітап шыққан жоқ. Осы кітапта Абай аударған барлық өлең толық талданып шыққан.

Баянғали Әлімжанов, ақын, жазушы:

- Сауытбек Әбдірахманов «Алып Абай. Конгениальность» кітабында жаңалық ашып, жаңа жол тапқан. Ол Абайдың бүкіл аудармаларын зерттеп мөлдіреттіп тұрып жеткізген. Бұл – Абай атамызды қазаққа ғана емес өзге ұлттарға таныстырудың өзге бір жолы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz