RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде М. Мақатаев шығармашылығына арналған кеш өтті

26.04.2026, 20:30 42

Ақтөбеде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының концерті өтті.

Мәдени іс-шара қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналды. Кеште өнер ордасының белді солистері мен мәдениет майталмандары өнер көрсетті.

«Сарыжайлау» салтанатты концерт бағдарламасында ұлттық музыка мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясы ұштасқан. Өнерпаздар «Сенің көзің», «Үш бақытым», «Сәби болғым келеді» сияқты ел аузындағы әндерден бастап, күй атасы Қазанғаптың туындыларын, Н. Тілендиев пен А. Жұбановтың шығармаларын орындады.

Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры:

- Жақында ғана Ғазиза Жұбанова атындағы Казақ камералық хоры Ақтөбе облыстық, Алматыда концертін берген болатын. Міне, осы мәдени байланыстың аясында осы жерге концертімізді беріп, жалпы шығармашылық байланысты әрі қарай нығайтудамыз.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Ақтөбе облысындағы гастрольдік сапары «Жұбанов көктемі» фестивалімен тұспа тұс келген. Сондықтан іргелі өнер ордасының үлгілі хор ансамблі мәдени шараның да құрметті қонағы болды.

Гүлжайнар Қалдина, ақын:

- Бұл жерде таланттардың бір бірімен тоғысуы деп айтар едім. Осы бірнеше күннен бері Ақтөбенің аспанында күмбірлеген күйдің, шарықтаған әннің әуені естіліп жатыр. Демек мұндай қуанышты күндер біздің Ақтөбемізді әлдилеп тұрған кезде халқымыздың рухы жоғары болады деп есептеймін.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткен шығармашылық кештің басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың мұрасын дәріптеу. Көрерменге кәсіби музыкалық кеш ұйымдастырып, ұлттық руханиятты нығайту.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz