Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында тың жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы Нұржас Садырбаевты продюсерлік қамқорлығына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ»
Әншінің айтуынша, ол 15 жылға жуық шығармашылық жолында халықаралық байқаулардан бастап, әлемдік деңгейдегі жеке концерттерге дейін мол тәжірибе жинақтаған. Енді сол тәжірибесін жас таланттарды тәрбиелеуге бағыттамақ.
«Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп,еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді», – деді Димаш Құдайберген.
Сонымен қатар, бүгін жаңа әртіспен бірге студияда жүргізіліп жатқан жұмыстың алғашқы көрінісін көпшілікке ұсынатынын жеткізді. Жоба аясындағы әннің ресми тұсаукесері алдағы аптаға жоспарланған.
Өнер иесі тыңдармандарын Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де өзінің YouTube арнасында өтетін онлайн кездесуге шақырды.
Димаш Құдайберген бұл бастамадағы басты күш халықтың қолдауы мен бірлігі екенін ерекше атап өтті.
Тегтер #Димаш Кудайберген #Voice Beyond Horizon #Нұржас Садырбаев #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz