RU
Толық нұсқаға өту
Фото: dimashnews.com

Аргентинада Димаш атындағы музыкалық кабинет ашылды

29.04.2026, 10:53 41

Аргентинадағы Димаштың  жанкүйерлері (Dears) музыкалық аспаптарға мұқтаж мектептерді қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық жобасын бастады, деп хабарлайды «24KZ».

Жоба Аргентинадағы Димаш Құдайберген жанкүйерлері мен «La Era Dimash» командасының қолдауымен жүзеге асырылды.  Акцияның алғашқы нысаны ретінде Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектебі таңдалды.

Жанкүйерлер мектепке қажетті музыкалық аспаптар мен оқу құралдарын табыстады. Фан-клуб мүшелері   сыйлықты жеткізу үшін 400 шақырымнан астам жол жүрген.Жобаның мақсаты — балаларға музыкамен айналысуға мүмкіндік беру, олардың шығармашылығын дамыту және өзге елдердің, соның ішінде Қазақстанның мәдениетімен таныстыру.

Аспаптарды табыстау кезінде жанкүйерлер мектепте Қазақстанның ұлттық киімдері мен мәдениеті туралы арнайы көрме ұйымдастырып, әншінің шығармашылық жолы туралы ақпарат берді. 

Мектеп әкімшілігі бұл игі іске алғыс ретінде мектептің музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімін берді. Олар өнерпаздың халықаралық мәдениетке қосқан үлесін мойындайтынын айтып, жас ұрпақты өнерге, биік мақсаттарға шабыттандыратын үлкен мәдени және тәрбиелік қадам деп атады. 

Кездесу соңында мектеп ұжымы  өнерпаздың жанкүйерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz