Шымкентте Бірлік күніне орай «Қазақ дастарханы» фестивалі ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада этномәдени бірлестік өкілдері ұлттық тағамдарды әзірлеуден бақ сынап, басты мәзірге ет асты. Оның пісірілуі, қамырдың жұқалығы мен қазы-қарта, жал-жаяның дұрыс тартылуы таныстырылды. Сонымен қатар дастархан мәдениеті мен қонақ күту әдебіне де тиісті баға берілді. Келушілер ет жіліктеп, үлестірудің мән-мағынасына қанықты. Достық пен татулықты ту еткен фестиваль этносаралық келісімді нығайту мақсатында өткізілді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Талиға Төлепова, қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері:
- Бәрі біздің мынау ұлттық тағамдарымызға, құртымызға, жентімізге қызыға ауыз тиіп, рақметін айтып кетіп жатыр. Қазағым әр уақытта осындай бай-қуатты, мерекелі-берекелі болсын.
Динара Төреева, қала тұрғыны:
- Қолөнермен, қазақи ет тамақтармен таныстым. Қалай қонақтарға жамбас сүйекті қалай беру керек, тарту керек сонымен таныстым. Сосын киіздер бар екен қолөнер солармен таныстым. Жастарға өте үлкен үлгі деп ойлаймын. Өте әдемі тамаша көңіл-күй сыйлап жатыр.
Тегтер #Шымкент #қазақ дастарханы #1 мамыр #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz