RU
Толық нұсқаға өту
Фото: todayinfo.kz

Вашингтонда Мұхтар Мағауинге арналған құлпытас орнатылды

04.05.2026, 12:59 31

АҚШ-тың Вашингтон қаласында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас орнатылып, еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Жазушы былтыр 10 қаңтарда 84 жасында дүниеден өткен болатын. Іс-шара барысында марқұмның  рухына құран бағышталды.

Құлпытастың мән-маңызы туралы жазушының ұлы Едіге Мағауин айтып берді. Оның айтуынша, ескерткіш қазақ тарихы мен руханиятын бейнелейтін символдық мағынаға ие.

«Бұл жерге бір жылдың ішінде көптеген қазақ келіп, оны киелі орын ретінде қабылдап кетті. Сол себепті әкеміздің басына келген адамдарға онымен сырласқандай әсер қалдыру үшін құлпытасты тау бейнесінде жасаттық. Тау – біздің тарихымыз, ата-бабамыздың өткен жолы. Арғы бетінде көне түркі жазуы мен түркі тарихы бейнеленген. Әкем өмірінің соңында осы бағыттағы еңбегін аяқтады. Бергі жағында Шыңғыс ханнан бастап Алтын Орда, Қазақ хандығы кезеңдері көрініс тапқан», – деді Едіге Мағауин.

Оның айтуынша, композицияда “Аласапыран” шығармасындағы көші-қон көрінісі, жыраулар әлемін бейнелейтін элементтер де орын алған. Жазушының қаламы тарихты жаңғыртатын рухани қару ретінде сипатталып, ұмыт бола бастаған тарихи жадыны қайта тірілту идеясы көрініс тапқан.

Айта кетейік, Вашингтонда сонымен қатар “Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының” ресми таныстырылымы өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz