Кино саласындағы "Алтын глобус" сыйлығын берушілер жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат етті.
Жаңа ереже бойынша жасанды зердені сценарий, режиссура, актерлік ойындарда, анимация мен музыкада қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Алайда нейрожелілердің көмегімен нағыз актерлардың келбеті мен дауысын көшіруге тыйым салынады. Ұйымдастырушылар қатысушылардан жасанды интеллектімен байланысты шешімдер жобада қалай қолданылғаны туралы ақпарат сұрауға құқылы. "Алтын глобус" сыйлығына өтінімдер 1 маусымда басталып, иегерлері 7 желтоқсанда белгілі болмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #алтын глобус #киноPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz