RU
Толық нұсқаға өту

Газиантепте Ясауи атындағы мектеп ашылды

14.05.2026, 23:40 34

Биыл Түркияда Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында Қожа Ахмет Ясауи есімі берілген заманауи мектеп есігін айқара ашты.

Ғимараттың қасбеті ашық түстермен және ұлттық нақыштағы элементтермен безендірілген. Мектептің ішкі көрінісі де ерекше. Мұнда Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік рәміздері, қос ел басшыларының кездесулерінен қалған естеліктер мен ортақ құндылықтар паш етілген. Білім ордасы 32 бастауыш сынып пен 4 мектепке дейінгі даярлық тобына арналған. Смарт-сыныптар, заманауи жаратылыстану зертханалары және шығармашылық студиялар бар. Мұның бәрі болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашады. Бұл мектеп екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің және мәңгілік бауырластықтың алтын көпірі саналады. Нысанның іргетасы осыдан 2 жыл бұрын қаланды. 2025 жылы негізгі қаңқасы тұрғызылып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүрді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz