Анкарада қазақ жастарының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, қабырғалы қаламгер Мұхтар Шахановты еске алуға арналған поэзия кеші өтті.
Анкара көгін тербеген қазақ жыры көрерменді ерекше сезімге бөледі. Себебі тағылымды кеште жүрегі поэзия деп соққан жастар Мұхтар Шахановтың ел жадында қалған сыршыл өлеңдерін оқып, сөзіне жазылған әндерін орындады. «Айналайын», «Ақ бантик», «Арыс жағасында» сынды танымал туындылары шырқалды. Сондай-ақ қазақ поэзиясының өзге де көрнекті өкілдерінің жырлары оқылып, рухани атмосфераның мазмұнын тереңдете түсті. Іс-шара соңында поэзия кешіне белсенді қатысқан жастарға Еуразия жазушылар одағы атынан алғыс хаттар табысталды.
Ақтоты Мұратқызы, «Жырлап» қазақ поэзия клубының мүшесі, ұйымдастырушы:
- Поэзия кешіміз жалпы Мұхтар Шахановты өлеңдерін еске алып, әндерімен сусындау болды. Жастардың рухын ояту болды. Өте сезімге толы кеш болды деп ойлаймыз. Көрермендерімізге ұнады деп ойлаймыз. Шетелде жүрсек те, қазақтың рухын көтеріп, сезімін оятқымыз келген. Сол үшін осы кештің болғаны үшін өте қуаныштымыз.
Бекзат Бекболат, Еуразия жазушылар одағының хатшысы:
- Еуразия жазушылар Одағы құрылғалы 20 жыл болды. Міне, 20 жылда Мұхтар Шахановқа арнап арнайы түрік тілінде журналдар шығарған, кітаптары басылған. Бүгін де жастардың осындай бастамасын көріп, қолдауға шешім қабылдады. Арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркия #Мұхтар Шаханов #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz