Әрбір түпнұсқа жәдігер, құнды құжат, өнер туындысы мен археологиялық олжа – ел тарихының, адам тағдырының, ұрпақтар сабақтастығының бір бөлшегі.
Осылай деген Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін халықаралық музейлер күнімен құттықтады. Елде 286 музей жұмыс істеп тұр. Онда 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Мұражайларға жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді. Бүгінде бұл нысандар ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық бағыттағы заманауи орталықтарға айналып келеді. Былтырдың өзінде республикалық музейлер мың жарымнан астам іс-шара ұйымдастырды. Саланы цифрландыруға да басымдық беріліп жатыр. Заманауи қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін электронды кіру жүйесі енгізілді. Сонымен қатар е-museum (е-мьюзиэм) бірыңғай цифрлық платформа дамып келеді. Оған 284 музей қосылды. 15 виртуалды тур қолжетімді. Бүгін кешке елдің барлық өңірінде «Музей түні» дәстүрлі акциясы өтеді, деді Аида Балаева.
Тегтер #Аида Балаева #музей #қызметкер #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz