RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді

18.05.2026, 16:33 88

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет және инновация» республикалық форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды «24KZ».

Үш күнге созылатын іс-шараға еліміздің 20 өңірінен мәдениет саласының 600 өкілі қатысады. Форум барысында саланы цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және мәдени ортаны дамытудың заманауи тәсілдері талқыланбақ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында форум режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Ажиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, форум аясында панельдік сессиялар, білім беру интенсивтері және креативті индустриялар, мәдени менеджмент пен технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылармен кездесулер өткізу жоспарланған.

Форум тәжірибе алмасуға, жаңа тәсілдерді талқылауға және елдің мәдени саласын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды қалыптастыруға арналған кәсіби алаңға айналады. Іс-шара Астанадағы жетекші мәдени және ведомстволық ұйымдардың базасында ұйымдастырылады, – деді Қарлығаш Ажиева.

Форум қорытындысы бойынша өңірлік жобалар әзірленіп, мәдениет саласына жасанды интеллектіні енгізудің жаңа форматтарын қалыптастыру көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz