ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде жаңа мәдени жоба – «Халық әуені» концерттік-гастрольдік турын бастайды, деп хабарлайды «24KZ».
Жоба аясында министрлікке қарасты концерттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында 17 облыста бір мезетте гастрольдік концерттерін өткізеді.
21–23 мамыр аралығында әр шығармашылық ұжым бір облыста болып, үш аудан орталығы мен моноқалаларда өнер көрсетеді. Жоба аясында жалпы ел бойынша 51 тегін концерт өткізу жоспарланған.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Әбдуалиевтің айтуынша, жоба шалғай елді мекендер тұрғындарына сапалы мәдениетті қолжетімді етуге бағытталған.
Жобаның мақсаты – мәдени құндылықтарға халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, шалғай елді мекендер тұрғындарына сапалы мәдени өнім ұсыну және ұлттық өнерді кеңінен насихаттау, – деді ол.
Айта кетейік, концерттер ашық аспан астында және жанды дауыста өткізіледі. Жергілікті әкімдіктер инфрақұрылыммен, техникалық жабдықтармен және тасымалдау жұмыстарымен қамтамасыз етеді.
Тегтер #Халық әуені #концерт #ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі #Ақан Әбдуалиев #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz