RU
Толық нұсқаға өту
Фото: inbusiness.kz

Меруерт Өтекешова киген әйгілі камзол музейге қайтарылады

20.05.2026, 15:41 134

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Қыз Жібек» фильміндегі Меруерт Өтекешова киген әйгілі камзолға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, қазір «Қазақфильм» музейіндегі барлық костюмдер мен реквизиттерді цифрландыру жұмыстары басталған. Вице-министр «Қыз Жібек» фильміндегі камзолды қазақ киносы үшін аса құнды әрі символикалық жәдігер деп атады.

Кочетовтың сөзінше, министрлік актриса Меруерт Өтекешовамен келіссөз жүргізген. Ол фильмдегі костюмдердің толық жинағы жасалғаннан кейін музейге тапсыруға келісім берген.

«Бұл тек бір камзолға қатысты мәселе емес. Қазір “Қазақфильм” қорындағы барлық реквизит пен костюм электронды базаға енгізіліп жатыр. Болашақта олар көпшілікке қолжетімді болады», – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол камзол осы уақытқа дейін «Қазақфильм» музейінде сақталғанын айтып, жәдігерлердің арнайы тізімі бар екенін айтты. Министрлік цифрландыру жұмыстары биыл аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz