Елордада Қазақстан Президенті телерадиокешенінің «Хроникадан – болашаққа» атты республикалық кинолекторийінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл ауқымды ағартушылық жоба Президент телерадиокешенінің 30 жылдығы аясында жүзеге асып отыр. Бүгін «ARAL» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл – бүкіл ғұмырын Арал теңізінде балық аулауға арнаған Күнтуған Тұрғынбаев туралы портрет-фильм. Картинаны Президент телерадиокешенінің жеке продакшн-базасы – «Деректі кино» орталығы түсірді. Республикалық кинолекторий Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Астанадан кейін фильм көрсетілімі оңтүстікте, елдің батысы мен шығысында, артынша солтүстік шаһарларда жалғасып, 25 қыркүйекте Алматыда аяқталады. Кіру тегін.
Күнтуған Тұрғынбаев, «ARAL» деректі фильмінің басты кейіпкері:
- Теңізге апарды. Бұрын жас кезде балық аулаған жерлерім бар емес пе, соны көрдім. Жүрегіме жақын алдым. Тіпті жылағың келеді.
Ақылбек Шалжанов, ҚР Президенті телерадиокешенінің деректі кино орталығының директоры:
- Бізге қолдау білдірген облыс әкімдіктеріне, кинотеатрларға алғысымызды айтамыз. Өйткені деректі киноны көрсету шынын айтқанда, кинотеатрларда көбіне көркем фильмдерді көрсетіп жатады ғой, комедия болсын, басқа жанрлар болсын, бірақ мынау біздің өзіміздің мақсатымыз – көрерменді деректі киноға дайындау.
Тегтер #Кинолекторий #хроника #Деректі фильмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz