RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Мөлдір өлең» ұлттық жобасы басталды

22.05.2026, 00:03 20

Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен «Мөлдір өлең» поэзиялық жобасы басталды. Оған 60 ақын қатысып жатыр. 

Жоба қазақ поэзиясын дамытуды, дарынды ақындарды қолдауды және ұлттық әдебиетті насихаттауды көздейді. Әр командада үш ақыннан болады. Әр топ өз өңірінің намысын қорғайды. Жеребе бойынша 20 команда бір-бірімен сайысқа түседі. Аз дауыс жинағаны сайыстан шығып отырады. Поэзиялық кеш әр сәрсенбі сайын өтеді. Алғашқысында Павлодар мен Қарағанды облысының қаламгерлері бәсекеге түсті. Жоба тақырыптық өлең, тыңнан өлең құрау, дуэль сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жеңімпаз онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Мөлдір Айтбай, ақын, жоба авторы:

- 20 команда 60 ақыннан 10 команда қалады. 10-нан 5 қалады. 5 тен 2 қалады. 2 ден 1 қалады. Сол команда 3 млн ақшалай жүлде, «Мөлдір өлең» 100 грамм алтын, 3 карат бриллианттан құйылған статуэка иеленеді. Ол облысқа табысталады және ол ауыспалы. Келесі жылы көктемде бұл жобаны қайта өткіземіз. Сол кезде облыс бізге салтанатты түрде тапсырып, біз оны келесі жеңіске жеткен облысқа табыстаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz