Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық кино саласындағы мемлекеттік қолдау байқауының биылғы кезеңіне қатысты Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды «24KZ»
Министр өз жазбасында ұлттық кино саласында соңғы жылдары бірқатар оң өзгерістер болғанын атап өтті.
Кейінгі жылдары ұлттық кино саласында бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Бұл – сала мамандарымен бірлесіп атқарылған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі, — деді Аида Балаева.
Оның айтуынша, мемлекет қаржысына түсірілетін туындылардың сапасы мен мазмұны жыл сайын артып келеді.
«Мемлекет қаржысына түсірілетін туындылардың сапасы, мазмұндық тереңдігі мен жанрлық әралуандығы жыл сайын артып отыр. Мұны мемлекеттік қолдауға ұсынылатын жобаларды іріктеу конкурсының ережелерін жетілдіру, талаптарды күшейту, сондай-ақ ашықтық пен әділдік қағидаттарын басты назарда ұстау бағытындағы жұмыстың жемісі деп білемін, — деді министр.
Биыл да осы ұстанымдарға басымдық беріліп отырғанын атап өткен министр жас киногерлердің еңбегіне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ Аида Балаева өз жазбасында:
Биылғы байқауға барлығы 323 жоба келіп түсті. Ұсынылған әрбір жұмыс жан-жақты қаралып, байқаудың маңызды кезеңі – питчингке 95 сценарий жолдама алды. 22–24 мамыр аралығында өтетін ашық қорғау Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми YouTube арнасында онлайн көрсетіледі, — деп атап өтті.
Министрдің мәліметінше, сарапшылар жобаларды іріктеу кезінде олардың көркемдік деңгейі, қоғамдық маңызы және идеялық мазмұнына басымдық береді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ұлттық кино #Аида Балаева #байқауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz