RU
Толық нұсқаға өту
Фото: saken_maigaziyev

Мейрамбек Бесбаев «Парасат» орденімен марапатталды

22.05.2026, 15:41 53

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші, термеші, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгін Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мәдениет саласының бірқатар өкіліне  мемлекеттік награда берілді. Марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Қуанышты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Сүйінші, ҚАЗАҚ ЕЛІ! Мейрамбек досым «Парасат» орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым!, - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz