Төл мерекеге орай Қонаевта салтанатты кеш өтіп, 60-тан астам маманға түрлі деңгейдегі наградалар табысталды.
Сонымен қатар мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосқан мекемелер мен шығармашылық ұжымдар анықталды.
Өңірдің мәдени өміріне үлес қосып жүрген өнер иелері мен сала мамандары кәсіби мерекеде құрметке бөленді. Орталық саябақта өткен салтанатты шарада облыс әкімі мәдениет пен руханияттың қоғамдағы орнына тоқталып, осы бағыттағы жобалар мен қолға алынған бастамаларды атап өтті.
Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:
- Облыс аумағындағы 3 кітапхана модернизациядан өтіп, пайдалануға берілді. Биыл тағы 2 кітапхана беріледі. Ағымдағы жылы бірнеше халықаралық іс-шаралар легін атқару жоспарланған. Жыл басынан бері жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылы және ЮНЕСКО көлемінде белгілі кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойларының ашылу салтанаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Салтанатты кеште мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп жүрген 60-тан астам азамат мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды. Үздік мәдениет ұйымдары мен қызметкерлер анықталып, «Үздік мәдени мекеме» номинациясының иесіне жаңа көлік берілді.
Салтанат Жамбылова, Ж. Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінің директоры:
- Керемет сезім әрине бүгін темір тұлпар алып отырмыз. Осы сенімді ақтауға тырысамыз әрине. Біздің музейіміздің өзіне мінекей келесі жылы 80 жыл болады. Әлі де халықтың, елдің үмітін ақтап келеміз, бұдан да әрі ақтала береді. Әрине біздің негізгі көрермендеріміз жастар.
Кеш соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.
Гүлім Советқан, Аманжол Жөнкешов
Тегтер #Алматы облысы #мәдениет #үздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz