«Әдебиеттің мықтылығы әңгімемен өлшенеді».
Бұл белгілі сыншы, публицист Әмірхан Меңдекенің тұжырымы. Көп жылдар журналистикада еңбек етіп, жазушы, сыншы ретінде танылған қаламгер 70 жасқа толып отыр. 200-ге жуық әдеби-сын мақала жазып, «Сөз өнері: серті мен дерті», «Жалғыздық сені қайтейін», «Уақыт және қаламгер» сияқты бірнеше әдеби сын жинақтарын жарыққа шығарған қаламгер бүгінде шығармашылық тәжірибесін жастарға көрсетіп, дәріс оқып жүр. Мерейтой құрметіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен жас ғалымдар, әдеби сындағы мәдени талғам, сынның формалары, шығарманы қабылдау туралы ой өрбітті.
Дандай Ысқақ, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Сын болмаған жерде әдебиет те жоқ. Даму да жоқ. Сыншының басты міндеті кемшіліктерді көре біліп, соны айта білу. Әмірханның мықтылығы білімділігінің арқасында көркем әдебиеттегі кемшіліктер мен жетістіктерді көре біліп, әсіресе кемшілік жақтарына назар аударып, батыл айтып жүрді.
Оралхан Дәуіт, "Ақ жол" газетінің бас редакторы:
- Әмірхан аға Шерағаның ізін жалғаушы, әйгілі Шерхан Мұртазаның шәкірті. Сол кісінің мектебінен өткен. Мен білетін Әмірхан аға, біз «Жас алашта» бірге жұмыс істедік. Бас редактордың бірінші орынбасары болып ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Көп журналистер, жас тілшілер осы Әмірхан ағаға еліктеп журналистикаға келді. Соған еліктеп мақалаларын жазды.
Тегтер #Әдебиет #жазушы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz