RU
Толық нұсқаға өту
Фото:BTS, gettyimages.com

BTS-ке деген махаббат: жанкүйерлер құдайдан билет сұрап жүр

03.06.2026, 10:40 53

Тайваньдағы BTS тобының  жанкүйерлері  қараша айында Гаосюн қаласында өтетін концерт билетін ұтып алу немесе сатып алу мүмкіндігін арттыру үшін махаббат пен неке құдайы саналатын Юэ Лаоға дұға етіп жүр, деп хабарлайды «24KZ».

Reuters агенттігінің мәліметінше, әсіресе Гаосюн қаласындағы фанаттар арасында бұл дәстүр кең тарап отыр. Өйткені  BTS концерттеріне билет алу өте қиын, ал сұраныс жоғары.

K-pop тыңдармандарының көпшілігі  Юэ Лаоға тілек айту көмектеседі деп сенеді. Жанкүйерлердің сенімінше, Юэ Лао адамдардың тағдырын қызыл жіппен байланыстырады. Сондықтан олар құдай концерт билеті мен өздерінің жолын да түйістіреді деп үміттенеді.

«Махаббат құдайына сиыну – ең тиімді әдіс дейді», – дейді жанкүйерлер.

BTS-тің Тайваньдағы соңғы концерті 2018 жылы өткен болатын. Содан бері  жанкүйерлер сүйікті тобының концертіне баруды армандап келеді. 

«Егер шынымен сенсең, тілегің орындалады», – деген  фанаттардың  Юэ Лао құдайға сенімі мол.

Өткен демалыста Тайбэй қаласындағы Бангка Луншань ғибадатханасына жиналған BTS фанаттары арнайы рәсім жасап, алтарьға топтың ресми түсі саналатын күлгін түсті тәттілерді қойды. Сонымен қатар олар BTS-ке арналған кәдесыйларын, концерт залындағы қалаған орындарының схемаларын және өз тілектерін алып келген.

Еске сала кетейік. BTS (Bangtan Sonyeondan) – жеті мүшеден тұратын әлемге әйгілі оңтүстіккореялық музыкалық топ. Топ мүшелері әскери қызметке байланысты шығармашылық үзіліс алғаннан кейін, 2026 жылы қайтадан бас қосты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz