Тайваньдағы BTS жанкүйерлерінің концерт билетін алу үшін тіпті махаббат құдайына сиынып жүргені туралы ақпарат көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл жағдай әлемдегі ең танымал музыкалық ұжымдардың біріне айналған BTS феноменіне деген қызығушылықты тағы да арттырды.
Оңтүстік Кореядан шыққан BTS бүгінде жай ғана музыкалық топ емес, жаһандық мәдени құбылыс саналады. Соңғы он жылдан астам уақыт ішінде олар миллиондаған адамның сүйікті орындаушыларына айналып, K-pop жанрын әлемдік деңгейге шығарды. Топтың әндері мен идеялары әсіресе жастар арасында кең қолдау тапты.
BTS шығармашылығының ерекшелігі – заманауи жастарды толғандыратын тақырыптарды қозғауында. Ән мәтіндерінде адамның өзін іздеуі, армандарға ұмтылуы, қоғам қысымымен күресі, психологиялық қиындықтарды еңсеруі сияқты мәселелер көрініс табады. Сондықтан көптеген тыңдарман олардың шығармашылығынан өз өмірінің бір бөлігін көреді.
Музыкалық жетістіктерімен қатар BTS әлемдегі ең ықпалды фанаттық қауымдастықтардың бірін қалыптастырды. ARMY деп аталатын жанкүйерлер қозғалысы бүгінде ондаған елде белсенді жұмыс істейді. Олар қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, әлеуметтік бастамаларды қолдап, сүйікті топтарының жаңа жобаларын насихаттап келеді.
2026 жылы әскери қызметін аяқтаған BTS мүшелерінің толық құрамда сахнаға қайта оралуы әлемдік шоу-бизнес үшін маңызды оқиғалардың біріне айналды. Бірнеше жыл бойы күткен жанкүйерлер үшін бұл жай концерт емес, тұтас бір дәуірдің қайта оралуы болды.
«24KZ» BTS феноменінің сыры неде екенін анықтап көрді.
BTS – Оңтүстік Кореяның Сеул қаласынан шыққан бойз-бэнд. Топты BigHit Music (қазіргі HYBE) құрған. Топ 2010 жылы продюсер Бан Ши Хёктың жетекшілігімен қалыптаса бастады. Алғашында хип-хоп тобы ретінде жоспарланғанымен, кейін әмбебап музыкалық стильге өтті. Топ 2013 жылдың 13 маусымында дебют жасады.

Топ 7 мүшеден тұрады:
RM, Jin, SUGA, j-hope, Jimin, V және Jung Kook. Олар өз авторлық әндері, қуатты хореографиясы және әлеуметтік тақырыптарды көтеретін шығармашылығы арқылы K-pop әлемінің жаһандық символына айналды.
Топтың көшбасшысы RM (Ким Намджун)-ағылшын тілін еркін меңгерген, халықаралық сұхбаттарда топ атынан жиі сөйлейді.
Jin (Ким Сокджин) -топтың ең үлкен мүшесі, әзілқой мінезімен және актерлік қабілетімен танымал.
SUGA (Мин Юнги) - Рэпер, ән жазушы және продюсер, Agust D лақап атымен танымал.
j-hope (Чон Хосок) - Бас бишілердің бірі, көңілді мінезі үшін «топтың энергия көзі» аталады.
Jimin (Пак Чимин) - Жоғары дауыс диапазоны мен сахнадағы харизмасымен ерекшеленеді.
V (Ким Тэхён) – рекше баритон дауысы мен актерлік қабілеті арқылы танымал.
Jungkook (Чон Чонгук)- топтың ең жас мүшесі,әӘлемдегі ең танымал K-pop жұлдыздарының бірі саналады.
Топтың ерекшелігі
BTS өз әндерінің көп бөлігін өзі жазады және продюсерлік етеді. Олардың мәтіндерінде психикалық денсаулық, өзін-өзі қабылдау, өмірлік ізденіс сияқты тақырыптар көтеріледі. Альбом концепцияларында Герман Гессе, Эрих Фромм сияқты жазушыларға және Карл Юнгтің психологиясына сілтемелер кездеседі.
Топ әлем бойынша миллиондаған альбом сатып, көптеген халықаралық марапаттарға ие болды.
Әлемдік танымалдық
BTS — Оңтүстік Корея тарихындағы ең көп альбом сататын орындаушылардың бірі (20 миллионнан астам). Олар Корея мәдениетін таратуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттар алған. 2016 жылғы Wings және 2018 жылғы Love Yourself: Tear альбомдары BTS-ті халықаралық деңгейге шығарды.
Сонымен қатар Billboard Music Awards, American Music Awards жүлделерінің бірнеше мәрте иегері және Grammy сыйлығына үміткер болған.
Олар Billboard 200 чартын алғаш бағындырған корей әртісі атанды.
BTS ірі стадиондық турлар өткізіп, «XXI ғасыр поп-мәдениетінің иконалары» атанды.

Қызықты дерек
BTS атауы корей тілінде "Bangtan Sonyeondan" («Оқ өтпейтін жасөспірімдер») деген мағынаны білдіреді. Топ 2013 жылы дебют жасап, кейін әлемдік музыканың ең ықпалды ұжымдарының біріне айналды. ARMY деп аталатын жанкүйерлер қауымдастығы әлемнің түкпір-түкпірінде бар.
K-pop, хип-хоп, R&B, EDM, поп, жанрында ән салатын топтың түс символы — күлгін.
Сеулдің тарихи орталығында өткен алғашқы ауқымды концертке ондаған мың көрермен жиналып, шоу әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфир арқылы көрсетілді

Әскерден кейін оралу
2022–2025 жылдары топ мүшелері әскери қызметке байланысты жеке жобалармен айналысты.
2026 жылы топтың барлық мүшесі әскери қызметін аяқтауынан кейін сахнаға ресми түрде қайта оралды.
Бұл сәтті әлемдегі миллиондаған жанкүйер бірнеше жыл күтті. Тұтас бір буынның мәдени символына айналған BTS тобы тыңдармандарына ризашылығын білдірді.
«Мына жерге қараңыздаршы. Осынша тамаша адамдардың жиналғанын көру қандай керемет! Мұнда келгендердің барлығына және әлем бойынша Netflix арқылы бізді тамашалап отырған көрермендерге рақмет. Бұл ұзақ жол болды, бірақ біз ақыры осы күнге жеттік», – деді топ жетекшісі Ким Намджун.
Сеул қаласы бұл шараға ерекше дайындалды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. Оңтүстік Корея үкіметі алғаш рет концерт өткізу үшін Кванхвамун алаңы аумағын толық жапты. Алаңға 42 мың көрермен жиналды. Сонымен қатар бұған дейін бұқаралық іс-шараларға ашылмаған король сарайының қақпалары да келушілер үшін ашылды. Концерттің тікелей көрсетілімі әлемнің 190 еліне тарады.
Бағдарламаның басты жаңалығы BTS-тің жаңа «Ариранг» альбомы болды. Бұл жоба Кореяның терең тарихымен байланысты.
Жаңа альбом жарық көрген алғашқы күні-ақ шамамен 4 миллион данамен сатылды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz