RU
Толық нұсқаға өту

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

06.06.2026, 17:12 33

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жыл сайынғы отырысы өтті.

Отырыста Мемлекеттік кеңесші Президенттің ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты нығайтуға айырықша көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының осы бағытта берген тапсырмаларын орындаудың маңызына тоқталды. Жиында жасанды интеллект саласындағы халықаралық озық тәжірибені зерделеу және су мәселесіне қатысты жаһандық күн тәртібін ілгерілету жөнінде нақты міндеттер қойылды. Сонымен қатар алдағы іс-шараларға дайындық мәселелерін де пысықтады. Атап айтқанда, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде опера әншісі Ермек Серкебаев пен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойларын атап өту, сондай-ақ Пусан қаласында ұйымдастырылатын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитетінің 48-сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуы секілді мәселелер талқыланды. Аталған сессияда Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациясы қаралады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz