RU
Толық нұсқаға өту
Фото: dimashnews.com

Димаштың әлемді таңғалдырған концерті енді деректі фильмге айналды

09.06.2026, 13:41 54

 Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концерті туралы деректі фильмнің трейлерін ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Фильм «Before The Applause: The Dream of Dimash Qudaibergen» («Жеңіс сәтіне дейін: Димаш Құдайбергеннің арманы») деп аталады. Жоба өнер иесінің әлемдік деңгейдегі сахнаға дейінгі жолын, дайындық процесін және концерт кезіндегі ерекше сәттерін қамтиды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 5 қазанында Димаш Құдайберген Қазақстан мен ТМД елдері арасынан алғаш болып Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізген болатын.  Бұл тарихи шоу оның Stranger Tour гастрольдік туры аясында өтті.

Сондықтан, деректі  фильмде сахна сыртындағы сәттер, арманға жету жолы, сондай-ақ әншінің отбасы, командасы, музыканттары және көрермендерімен бірге өткерген эмоциялары мен әсерлі сәттері көрсетілмек.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz